27.02.2022
Қараөткел ауылы №1 ЖОББМ
«Жас Ұлан»ұлдар ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес «Жігітке жеті өнер де аз» атты мектепішілік патриоттық спорттық сайыс
Мектебімізде ақпан айының 25 күні "Жас Ұлан" ұлдар ұйымының жұмыс жоспары бойынша 8-10 сынып ер балалары арасында «Жігітке жеті өнер де аз» атты мектепішілік патриоттық сайыс өткізілді. Спорттық- патриоттық сайысты мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Алек Хасен, Хавлахат Батыржан және АӘД пәнінің мұғалімі Талғат Нұршарив ұйымдастырып, төрелік етті. Мақсаты: оқушылар арасындағы сыйластық пен достық қарым – қатынасты қалыптастыру , салауатты өмір салтын ұстану және оқушылардың патриоттық сезімін ояту. Сайысқа 8-10 сынып ер балалары арасынан 7 оқушы қатысты. Сайыс барысы бойынша оқушылар өздерін таныстырып, қол күрес, гір көтеру, әскери атақтарды атау, газ тұмылдырықты кию т.б спорт түрлері бойынша арнайы күш сынасып, жарысқа түсті. Сайыс нәтижесі бойынша жүлделі 1-орынды 9 «А» сынып оқушысы Айтбаев Ерасыл, 2-орынды 10 «А» сынып оқушысы Жетей Мақсат, 3-орынды 8 «А» сынып оқушысы Ескермесов Азамат иеленді. Сонымен қатар қалған оқушылар сайысқа белсенді қатысқаны үшін мектеп директорының мақтау қағазымен марапатталды.