Текст
Мектебімізде өзін-өзі тану пәнінің онкүндігі басталып, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Еделхан Әдемі 5 сыныпта ашық сабақ көрсетті. Сабақ басынан бастап әсерлі көңіл толғанатын әуенмен оқушыларды баурап, өте жоғары дәрежеде өтті. Мұғалім отбасы құндылықтары, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету жайлы оқушыларға бағыт-бағдар беріп, оқушылар ойларын ортаға салып отырды. Өз ата-анасына хат жазып, толғаныстарымен бөлісті.Сабаққа оқушылар белесен қатысып, кешірімді болуға, алға ұмтылатын азамат пен азаматшалар болып өсуіне өз сенімдерін білдірді.