Текст
Мектебімізде «Қызықты қыс» атты 9-10 сынып оқушыларының арасында жоспарға сәйкес эстафеталық жарыс өтті.
Мақсаты: оқушыларға қысқы спарт түрлерін насихаттау, салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Қарым-қатынас дағдысын жетілдіру.
Жарысқа 9а, 9ә және 10 сыныптан құрама командалар қатысты.
Сайыс 5-кезеңнен тұрды. Әр сайыс оқушылардың көңілімен шықты.
Жарысқа сынып жетекшілер ерекше қолдау білдіріп өз сыныптарын жеңіске жетеледі.
Жарыс қорытындысы бойынша:
1-орын 9 «А» сынып командасы.
2-орын 10 «А» сынып командасы.
3-орын 9 «Ә» сынып командалары иеленді.
Ұйымдастырушылар: дене шынықтыру пәнінің ұстаздары.