"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы  бойынша білім бөлімі  Қараөткел ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села Караоткель отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Мы в соц. сетях

   - Instagram

   - Facebook


«    Маусым 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

IQanat Қоры Қазақстандағы ең ауқымды “IQanat”жеке олимпиадасы

08.12.2021

Арнайы ауыл мектептерінің оқушылары үшін IQanat Қоры Қазақстандағы ең ауқымды “IQanat”жеке олимпиадасын өткізеді. Олимпиаданың көмегімен біз Қазақстан мен әлемнің университеттеріне түсуге үш жылдық тегін дайындыққа финалистерді таңдағымыз келеді.

Интернет-конкурстарға қарағанда, біздің олимпиаданың барлық кезеңдері қатысушылардың дәстүрлі жиыны түрінде өткізіледі. Әрбір қатысушыны бағалау кезінде академиялық әділдікке тек осылай қол жеткізуге болады. Сонымен қатар, тікелей кездесулер ғана балаларға құрдастарымен танысуға, көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Осы олимпиаданың І кезеңі Қраөткел ауылы № 2 жалпы орта білім беретін мектебінде өткізілген болатын. Олимпиадаға мектебімізден 17 оқушы барып қатысып келді. І кезеңнің қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған 5 оқушы олимпиаданың ІІ кезеңіне өтті. Олар: 8 "А" сынып оқушылары  Аллаберген Аяулым, Амангельдинова Жансая, Бейсембин Ануар, Болат Айым және Садвакасов Ғани. Оқушыларымызды жақсы нәтижелерімен құттықтаймыз! Алдағы кезеңге сәттілік тілейміз! 

Просмотров: 420


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст