Текст
АУЫЛ МЕКТЕБІМЕН СЕРІКТЕСТІК.
ӘДІСТЕМЕЛІК ДЕСАНТ.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Астана қаласы №76 мектеп-лицейінің жұмыс жоспарына сәйкес “30 игі іс” айлығының шеңберінде “Ауыл-ел бесігі” атты ауыл мектебіне әдістемелік көмек көрсетуге бағытталған кездесу біздің мектебімізде 27 қараша күні болды. “Инклюзивті оқытудың өзекті мәселелері: түсіну, қолдау, тәжірибені өзгерту” атты семинар-тренинг өткізілді.
Тәрбие бағытындағы дәстүрлі жобалар, халықаралық, қалалық жобалардың жүргізілуі бойынша таныстырылым жасалды. Аталған жобаларға байланысты қатысушылар сұрақтарына жауап алып, өзекті ақпараттарды меңгергені туралы атап өтті.