20 қараша – «Дүниежүзілік балалар күні»
1954 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы барлық елдерге бейбіт бауырластық күні ретінде, сондай-ақ бүтін әлемдегі балалардың есен-саулығы мен олардың өзара түсіністігін қамтамасыз ету үшін Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеуді өмірге енгізуді ұсынды. Халықаралық ұйым ел үкіметтеріне бұл күнді өз қалаулары бойынша кез келген датада атап өтуді ұсынды.
1959 жылғы қараша айының 20-ы күні Ассамблея Бала құқықтары жөніндегі декларацияны және 1989 жылы дәл осы күні Балалар құқықтары туралы конвенцияны қабылдады. Осыған байланысты 1990 жылдан бастап бұл тарихи сәт Дүниежүзілік балалар күні болып белгіленді.
Осы орайда "Бала құқығы" тақырыбында 9- сынып оқушылары арасында семинар өтті. Семинардың мақсаты: өз құқықтарын жетік білуге, өмірде қолдана білуге үйрету және әр адам мемлекеттік заңдарды құрметтеуге тәрбиелеу.