"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы  бойынша білім бөлімі  Қараөткел ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села Караоткель отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Мы в соц. сетях

   - Instagram

   - Facebook


«    Маусым 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

07.11.2018

 

Ұстаздық – ұлы құрмет

      Нағыз ұстаз болу – бақыт әрі абырой. Шындығында, мұғалім болу оңай болып көрінгенмен, ал нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. "Ұстазды алтын діңгекке теңер едім", – деп ұлыпедагог Ы.Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы –  қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы. Білім беру кеңістігінде тәжірибелі де білімді, өз мамандығының хас шебері кәсіби ұстаздар жетерлік.  Солардың

бірі –Қараөткел ауылы №6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахметова Гүлшат Сұлтанхамитқызы. Ұзақ жылдар бойы ұстаздықтың ұлы жолында өзінің айшықты еңбегімен дараланған Гүлшат Сұлтанхамитқызы жайлы ерекше ілтипатпен  айтуға болады. Ол – ұлағатты ұстаз. Себебі ғибратты ғұмырының қымбат  шақтарын болашақ буындарды оқыту мен тәрбиелеу ісіне арнап келеді. Өз ісіне берілген, шәкіртінің жанына нұр құя білген   Гүлшат ұстаздың өмірі –  болашақ үшін  үлкен өнеге. Ол –1960 жылы 11 желтоқсанда Целиноград облысы Қорғалжын ауданы   22 пардсьезд атындағы ауылда дүниеге келген. Жастайынан білімге құштар, мұғалім болу арманы болған жас қыз мектеп бітірісімен 1975 жылы Целиноград педагогикалық училищесіне оқуға түсіп, оны 1979 жылы «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша үздікке бітіріп, туған ауылында ең алғаш еңбек жолын бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған.

     "Жас келсе – іске" дегендей, аз ғана уақытта жас маман  мектептің тәжірибелі ұстаздарынан мұғалімдік мамандықтың қыр-сырын жан-жақты түсініп, үйреніп, оған өз талпынысын  қосып, ұжым ортасында беделді бола білді. Уақыт бір орнында тұрмайтыны анық, 1984 жылы тұрмысқа шығып, отбасылық жағдайға байланысты Целиноград ауданы Ильинка, қазіргі Қараөткел ауылына қоныс аударып,  Передовик орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет жолын жалғастырды. Содан бері біраз уақыт өтті.  Жүйткіген уақыт ешкімге  жеткізер емес… Биыл Гүлшат апайымыздың еңбекеткеніне 40 жыл. Осындай ұзақ жылғы еңбек жолында алған асулары, жеткен жетістіктері жетерлік. Әйтсе де бойынан сол бір жастық жігердің ұшқыны жылдар

өтсе де әлі де  сөнбегенін сөзбен емес,  нақты істер арқылы көрсетуде. «Еңбегіне қарай өнбегі», демекші жақында ұстаздар мерекесіне орай Республика көлемінде  «Ұстаздық – ұлы құрмет» атты байқау ұйымдастырылып, байқауға республиканың барлық аймақтарынан белсенді, жан – жақты 543 педагог қатысып, арасынан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар үздіктер іріктеліп алынды. Осындай сыннан сүрінбей өтіп,үздіктер қатарынан  Гүлшат Сұлтанхамитқызыда орын алып «Сала үздігі» орденімен марапатталды. 

     Қазақтың әйгілі жазушысы Ғ.Мүсірепов "Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім"  демекші, қазіргі уақытта Гүлшат апай 10 сыныбының жетекшісі.

 Келешек оқушы жастарға оң бағытқа жол сілтер ақылшысы, кез келген сәтте көмек қолын соза білетін қамқор ұстаз.

"Бұлақ көрсең, көзін аш" демекші, қаншама дарынды жастардың өнер айдынына еркін қанат қағып, самғау биігіне көтерілуіне дем беріп, ақыл-кеңесін беруде. Ол тек қана ұстаз  ғана емес, өз отбасының мәуелі бәйтерегі. Қазіргі уақытта, жолдасы Қабдығали аға екеуі екі ұл, бір қыздан жеті немере сүйіп отырған ардақты ата, аяулы әже.

  Орыстың көрнекті педагогі К.Д.Ушинскийдің «Егер еңбекті таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осы жолда өзіңді сарп ететін болсаңыз, онда сіз бақытты болғаныңыз» деген орамды ойы Гүлшат Сұлтанхамитқызына арналғандай. Себебі: ұстаздық жолға бар өмірін арнаған Гүлшат апайымызда бақытты жан.

    Бар саналы ғұмырын, жастық шағы мен күшқайратын, терең білімдерін шәкірттеріне арнаған ұстаз ісіне берілген жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытты қыламын деп жүретін әріптесім әрі үлгі тұтар апайым Гүлшат Сұлтанхамитқызына шығармашылық шабыт, зор денсаулық, толағай табыстар тілеймін.

 

Қараөткел ауылы №6

орта мектебі

директордың тәрбие

ісі жөніндегі орынбасары

Смағұл Майра Сәлімжанқызы

 

Просмотров: 560


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст