Жалпыіс – шара туралы мәлімет
06.09.18ж – 18.09.18ж күндері аралығында Қазақстан Республикасы халқының «Тілдер күні» мерекесіне орай «Тіл мәртебесі– ел мәртебесі» тақырыбында іс – шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.
Іс – шараның мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп жатқан әр түрлі ұлт өкілдері арасында достық пен татулықты нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет көрсету, үш тілдік саясатты дамыту, үш тілде сөйлей білу өмір талабы
екенін оқушыларға түсіндіру.
06.09.18ж күні 7«А» сынып оқушылары, сынып жетекші Сейілханова А.Б «А. Байтұрсынұлы – қазақ
әліпбиінің негізін қалаушы» атты әдеби – монтажбен іс – шараны ашты. Мұнда оқушылар ұстаздарды, оқушыларды үш тілде А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылық жолынан мәлімет берді.
10.09.18ж күні 3 «а,ә,б,в» сыныптары «Бала тілі – бал» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Жауапты ағылшын пәні мұғалімдері: Төленбек Ақерке және Нұрмағанбетова Мөлдір. Сайыс қорытындысы бойынша 1 орын – Жанбота Жолболсын 3 «А» сынып, сынып жетекшісі Айнагүл Талдықорғанқызы, 2 – орын Сайлаухан Иманәлі 3 «В» сынып,
жетекшісі Қайырбаева Бақыткүл Жеңісқызы, 3 орынды – Сайлау Кәусар 3 «Ә» сынып жетекшісі Тапалова Күлмайра Қалиқызы және бас жүлдені 3 «В» сынып оқушысы Арыстанғалиқызы Мөлдір жеңіп алды. Жетекшісі Қайырбаева Бақыткүл Жеңісқызы.
11.09.18ж күні 4 «а,ә,б,в»
сыныптарыарасында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» тақырыбында 3 тілде сайыс ұйымдастырылды. Сайыс қорытындысы бойынша 1 орын – Темірхан Мирас 4«Ә» сынып жетекшісі: Иебергенова Сәуле Муталаповнв, 2 орын – Әділбек Динара 4 «А» сынып оқушысы жетекшісі Ильясова Гүлмира Мейрамхановна, 3 орын
Төленбай Ислам 4 «В» сынып сынып жетекшісі: Ахметова Қарлығаш Темірғалиқызыжәне бас жүлдені 4 «А» сынып оқушысы Оспан Айым жетекшісі Ильясова Гүлмира Мейрамхановна иеленді.
12.09.18ж күні 2 «а,ә,б,в» сыныптарында «Тіл мерейі – ел мерейі» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Сабақтың мақсаты: ана тілінің қадір – қасиетін түсініп, оны құрметтеп, үш тілде сөйлей білуге қалыптастыру. Оқушылар үш тілде ән, тақпақ айтып, үш тілде сұрақтарға жауап берді.
13.09.18ж күні 8 «А,Ә» сыныптары аралығында тәлімгер Иманкулова Зәуре Арынбайқызының ұйымдастыруымен «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты 3 тілде полиглот сайысы өткізілді, I орынды 8 «А» сынып оқушысы Өмірбек Нұржігіт, II орынды 8 «А» сынып оқушысы Бейсен Балауса, III орынды 8 «А» сынып оқушысы Айтбай Айғаным және бас жүлдені 8 «Ә» сынып оқушысы ӘлжанАйғаным иеленді.
14.09.18ж «Жаңа әліпби – жаңа дәуірдің жаңа тарихы» тақырыбында 9 сынып оқушыларының қатысуымен
дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің
мақсаты: жаңа әліпбиге көшудің маңыздылығына тоқтала отырып, латын графикасына көшу жаңа
дәуірдің жаңа тарихы болатындығына көз жеткізу. Пән мұғалімдері Айсакова Тамара
Қабылқапарқызы және Бөлтірік Әділхан.
17.09.18ж күні 10 сынып жетекшісі Ахметова Гүлшат Сұлтанхамитқызы мен тәлімгер Иманкулова Зәуре Арынбайқызының ұйымдастыруымен және 10 сынып оқушыларының оқушыларының қатысуымен «Билер
сөзі – даналық көзі» тақырыбында интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылды. «Сұңқар» тобы жеңіске жетті. Сайыстың мақсаты: халқымыздың әдеби бай мұраларын, шешендік өнерін, дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу.
17.09.18ж күні 5,6 сынып оқушылары
арасында үш тілде, қазақ тілі пәні мұғалімдері Сәлменова Жазира Қайроллақы және Болкина Жайнагүл Айтбайқызының ұйымдастыруымен «Тіл – достық көпірі» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Байқаудың мақсаты: оқушылардың патриоттық, отаншылдық сезімдерін оята отырып, мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Байқау барысында сайысқа қатысушы 1 прозалық 1 поэзиялық шығарманы мәнерлеп оқыды.1 орынды 6 «Б» сынып оқушысы Ермағанбет Арайлым, 2 орынды 5 «А» сынып оқушысы Амангелдинова Жансая, 3 орынды 6 «А» сынып оқушысы Жанботақызы Үмігүлсім және бас жүлдені 5 «Б» сынып оқушысы КалибайТемірлан жеңіп алды.
18.09.18ж «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында апталықтың жабылуы
өткізілді. Жабылу жиынында апталықтың қортындысы жасалып, апталық барысында
жеңіске жеткен оқушылар марапатталды. Сонымен қатар музыка пәнінің мұғалімі
Божаева Дариға Ержігітқызының және ағылшын тілі пәні мұғалімі Өмірхан Айнаштың
ұйымдастыруымен мерекелік ән – шашу болды.
ТІО: Смагулова М.С