Қарттар күніне арналған іс-шаралар
01.10-10.10.18ж аралығында Республикалық қарттар күнін мерекелеу шеңберінде өткізілетін іс – шара жоспары бекітілді. Жоспар негізінде жұмыстар атқарылды.
01.10.18ж күні «Қарияларға бас иеміз» тақырыбында 8 сынып оқушылары, сынып жетекшілері: Алибаева
Назгүл Еркінқызы мен Иманкулова Зәуре Арынбайқызының ұйымдастырумен қарттармен кездесу ұйымдастырылды.
03.10.18ж күні 6 «А,Б» сыныптарында «Қарттарым, асыл қазынам» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.
10.10.18ж күні «Қарияларға қамқорлық көрсетейік» деген мақсатта мектебіміздің 10 сынып оқушыларынан құралған «Жалын» тобы, тәлімгер Иманкулова Зәуре Арынбайқызының жетекшілігімен ауыл тұрғыны Орақ Жұбатхан атаның үйіне барып, ер балалар үй маңайын жинап қыз балалар үйдің ішінің тазалық жұмыстарын жасап көмек көрсетіп
қайтты.
Тәрбие ісінің орынбасары: Смагулова М.С