16 қазан күні мектебіміздің 40 жылдық мерейтойына арналған спорттық іс-шаралар жалғасын тауып ұстаздар арасында Волейбол жарысы өтті. Жарысқа ұстаздардан құралған бірлестіктер арасындағы командалар сайысқа түсті.
Іс – шараның мақсаты:
Ұстаздардың арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, спорттық ойындарды кеңінен насихаттау. Мектебіміздің 40 жылдық мерейтойын кеңінен атап өту. Салауатты өмір салтын насихаттау.
Жарысқа «Рауан», «Шежіре», «Кәусар», «Лингивист» және де «Алаш» бірлестігінен құрама командалар қатысты.
Ұстаздар арасындағы волейбол жарысы өте тартысты өтті. Көптеген мектебіміздің ардагер ұстаздары да ойыннан қалыс қалған жоқ. Жарыс жеңімпаздары мадақтамамен және де мектебіміздің директоры Айтан Қабиұлының қолдауымен ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Жарыс қорытындысы бойынша:
І орын - «Шежіре» бірлестігі
ІІ орын - «Рауан» бірлестігі
ІІІ орын - «Кәусар» бірлестігі