24.09.2021
Қараөткел ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебінде 23.09 күні 3 және 5-8 сынып оқушылары арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау мақсатында «Адалдық пен әділдікті ту еткен Мәлік Ғабдуллин» атты «Адалдық сағаты» өтті. Іс-шара барысында қазақ руханиятында терең із қалдырған қаһармандық, батырлық әрекетімен, ғылыми ізденістерімен, ұстаздық және қаламгерлік қабілет- дарынымен, жан дүниесінің кіршіксіз кіршіксіз мөлдір тазалығымен өзгешеленетін тарихи тұлға Кеңес одағының батыры, ғалым,академик, жазушы , қоғам қайраткері М.Ғабдуллиннің өмірлік ұстанымы, адамгершілік қасиеттері, тұлғалық болмысы жайлы кеңінен мағұлмат беріліп, оқушыларға батыр туындылары кеңінен насихатталды.