06.09.2021
Қараөткел ауылы №1 ЖОББ ММ-нің жасөспірімдері арасында
«Адам саудасы-қатерлі қылмыс» тақырыбында адам саудасының алдын-алу шаралары туралы анықтама
Аталған тақырып бойынша мектеп оқушыларына онлайн форматта жаднамалар, дөңгелек үстел ,сынып сағаты, пікірталас шаралары өткізілді. Атап айтар болсақ, 10 «а» сыныбында А.Сейлханова адам саудасының алдын-алу бойынша дөңгелек үстел өткізіп , мәліметтер берді. Ал, мектеп тәлімгері бастауыш сынып оқушыларына Адам саудасы және Адам саудасының құрбаны болудан қалай сақтануға болады деген тақырыптарда жаднамалар таратып , түсінік жұмыстарын жүргізді. Мектеп оқушылары таратпа қағаздармен танысып өз ойларын еркін жеткізді.