"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы  бойынша білім бөлімі  Қараөткел ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная  школа №1 села Караоткель отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Мы в соц. сетях

   - Instagram

   - Facebook


«    Маусым 2025    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Балалардың жазғы демалыс кезінде орындалатын қауіпсіздік ережесі» бойынша ата-аналарға арналған жадынама

10.06.2021

«Балалардың жазғы демалыс кезінде орындалатын қауіпсіздік ережесі» бойынша ата-аналарға арналған жадынама

«Ақмола облысы білім басқармасының  Целиноград ауданы бойынша 

білім бөлімі Қараөткел ауылы № 1 жалпы орта білім беретін  мектебі » КММ

  бойынша халықтың демалу орындарында төтенше жағдайлардың алдын алу және су айдарында және шомылу маусымында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі өткізілген ата-аналар жиналысы

Тақырыбы: «Балалардың жазғы демалыс кезінде орындалатын қауіпсіздік ережесі» бойынша ата-аналарға арналған жадынама атты жиналыс

Хаттамасы № 5

Қатысқаны: 23                                                                         Мерзімі: 10.06.2021ж

Күн тәртібінде

1. Мектеп бітіруші түлектердің жазғы демалыс кезінде орындалатын ережелері (су қоймаларындағы қауіпсіздік шаралары, өрт кезіндегі балалардың әс-қимылы, табиғат аясында демалу кезіндегі сақтық шаралары)

2. Ағымдағы мәселелер

            Бірінші мәселе бойынша Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Смагулова М.С  WhatsApp месенджері арқылы ата-аналармен оқушылардың  жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауы бойынша жиналыс өткізді.

Жиналыс барысында төмендегі мәселелер қарастырылды:

Бірінші мәселе жазғы демалыс кезінде төмендегі берілген ережелерді сақтаулары айтылды. Атап айтсақ:

  • сабақтан тыс уақыттағы, яғни жазғы демалыс кезіндегі (2020 жылдың 25 мамыр мен 31тамыз аралығы)   техника қауіпсіздігі мен балалардың өмір қауіпсіздігі туралы әңгіме;
  • суға түсу мен су қоймалары жанындағы балалардың өзін ұстау ережесін сақтау;
  • жолда жүру ережесін сақтау. Жаяу жүргінші – бала жауапкершілігі. Жолдағы және үлкен жолдағы ойын, құлаққаптарды қолдану ережесі;
  • кәмелетке толмағандардың көлік жүргізуі, кәмелетке толмағандардың велосипед, скутер, мотоцикл, автокөлік, мопед және басқа да көлік түрлерін жүргізуі;
  • өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау: сіріңкемен, от тұтатқышпен және басқа да өртке қауіпті заттармен ойын;
  • ата-аналарсыз табиғат аясына саяхат, экскурсияға шықпау, бала өміріне ата-аналар жауапкершілігі;
  • сабақтан тыс уақытта 25.05-31.08.2021 кезіндегі балалардың күн тәртібі ережесін сақтауы (түнгі сағат 23.00 сағаттан кейін балалар мен жасөспірімдердің көшеде жүрмеуі);
  • жаман әдеттердің алдын алу бойынша үнемі әңгіме жүргізіп отыру;
  • кәмелетке толмағандардың жұмыс істеуі, балаларға ата-аналардың заңды жауапкершілігі.
  • Үлкен жиындарға, адам көп жиналған жерлерге баруға тиым салынады. 

Ата-аналармен көктемде, жазда жүріс-тұрыс ережелері бойынша нұсқаулық өткізілді, сынып жетекшілерден   балалар мен ата-аналарға  қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулық  жүргізіп,  таныстырдым деген қолдары жиналды.

            2.Ата-аналар жаз мезгілінде су объектілерінде өзін-өзі ұстау ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ақпарат алды. Барлығы  24  ата – ана қатысты.

            3.«Жаз уақытында суда және су айдарында өзін-өзі ұстау мінез-құлықтары» тақырыбында кеңес берілді. 

Ағымдағы мәселелер  бойынша ДТЖО  әртүрлі мәселелерге тоқтала отырып ата-аналардың сұрақтарына жауап берді. Сөз соңында ДТЖО Смагулова М.С ата-аналардың баларының өмір қауіпсіздігін, бос уақыттарын тиімді пайдалануын қадағалау керек екендігін тағы да айтып өтті.

Шешім: 

  1. Балаларының өмір қауіпсіздігін бақылау мақсатында  оқушылардың жазғы демалыс кезінде бос уақытын тиімді өткізуін қадағалау ата-аналарға жүктелсін.     

 Ата-аналар комитетінің төрайымы:        Ридолда С

Хатшы:            Нұрғалиева А

 

Ж  А  Д  Ы  Н  А  М  А

ата – анаға арналған

Балаңыздың қауіпсіздігі сіздің қолыңызда

Құрметті, ата – ана!

Құрметті ата- аналар, жазғы  демалыс уақытында балаңыздың қауіпсіздігі үшін төмендегі ұсыныстарды қатаң сақтауларыңызды сұраймыз:
1. Балаңыздың күн бойы немен айналысатынан хабардар болыңыз, мүмкіндігінше бақылауда ұстаңыз.
2. Адамдар көп жиналатын орындарға балаларды апармауға және өзіңіз де бармауға тырысыңыз;
3. Жеке бас гигиенасын қатаң түрде сақтаңыз;
4. Балаңыздың қызығушылығына сәйкес бос уақытын тиімді ұйымдастырыңыз: әдеби-көркем шығармаларды оқу, сурет салу, жапсыру, мүсіндеу, шығармашылық жұмыстармен айналысу, қашықтықтан интернет олимпиадаларға қатысу.

Құрметті ата – ана! Балаңыздың қауіпсіздігі сіздің қолыңызда. Себебі; сіз балаңыз үшін ең жақын адам болып табыласыз. Баланың өміріне, оқуына, денсаулығына, рухани және дене күшінің  нығайуына, адамгершілікті болып өсуіне жағдай жасайық.

Егеменді еліміздің болашағы – балалар. Сондықтан бала өмірінің қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамаңыздар.

 

Просмотров: 1368


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст