«Мың бала» олимпиадасы жыл сайын ауыл мектептерінде білім алатын 5 және 6-сынып оқушылары арасынан 1000 дарынды баланы анықтауға және оларға еліміздің ең үздік білім ошақтарында оқуға мүмкіндік беруге мақсатталған. Биыл да кезекті Ұлттық олимпиадаға Қараөткел ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 5-6 сынып оқушылары қатысты. Ағымдағы жылдың 5 мамырында Нұр-Сұлтан қаласы Тәуелсіздік сарайында өткен Мың бала олимпиадасының 2-і турына іріктеу турдан өткен мектебіміздің 8 оқушысы қатысып, өз білімдерін сынады. Қорытындысы бойынша мектебімізден 4 оқушы жеңімпаз атанды. Олар: Нұрболатқызы Рухия 5 "а" сынып оқушысы, Айтбай Руана 5 "а" сынып оқушысы, Марат Тілеген 5 "б" сынып оқушысы және де былтырғы жылғы жеңіпмазымыз Мухмут Дос 6 "ә" сынып оқушысы. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!