«Қараөткел ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
06.05.2021ж күні Қараөткел ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінде 7-мамыр Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер күніне орай мектебіміздің кәсіподақ ұйымы төрайымы Уалиева Ұ.К және қыздар ұжымының ұйымдастыруымен ерлер ұжымын құттықтау кеші өтті. Құттықтау кеші барысында АӘД пәні мұғалімі Талғат Н облыстық кәсіподақ ұйымы төрағасы Б.Абдрахмановтың «Құрмет грамотасымен», дене шынықтыру пәні мұғалімі Толғат А және көркем еңбек пәні мұғалімі Исаинов С.Е аудандық кәсіподақ ұйымы төрағасы Сатбалдин Қ.С «Құрмет грамотасымен» және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, мектебіміздің ерлер ұжымына мектебіміздің кәсіподақ ұйымы төрайымы Уалиева Ұ.К ұйымдастыруымен естелік сыйлықтар табысталды.
Құттықтау кеші ұстаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.