Текст
05.05.2021ж Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және 7 мамыр ұландар күніне байланысты мектебімізде 6,7,8 сыныптар арасында «Тәуелсіздік -елімнің шам-шырағы» тақырыбында интеллектуалдық сайыс өтті. Сайысқа әр сыныптан бір оқушыдан қатысты, яғни барлығы 9 оқушы. Сыныптар топтарға топтастырылды. Сайыс барысында оқушылар сұрақтарға үш тілде, яғни қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жауап берді.
Сайыстың мақсаты:
Жас жеткіншектерді еліміздің тәуелсіздік алғалы 30 жыл ішінде жеткен табыстарымен таныстырып, білімдерін нығайту.
Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге тәрбиелеу.
Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апаларымыздың ерлігін үлгі етіп көрсету.