«Қараөткел ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
7-мамыр Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер күніне арналған «Ұлттық әскеріміз - Тәуелсіздіктің тірегі» атты әскери-патриоттық ерлік сабағының есебі.
05.05.2021ж күні Қараөткел ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 9 «а,ә» сынып араларында 7-мамыр Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер күніне орай АӘД пәні мұғалімі Талғат Н ұйымдастыруымен «Ұлттық әскеріміз-Тәуелсіздіктің тірегі» атты әскери-патриоттық ерлік сабағы өтті.
Ерлік сабағының мақсаты: жастарды өз отанының адал патриоты болуға тәрбиелеу. Бүгінгі жастар отанымыздың келешегі, сондықтан олармен санасу, пікірін тыңдау қоғамға белсене араласуына көмектесуіміз қажет болып саналады.
Әскери-патриоттық сайыс мектебіміздің 9 сыныптар арасында өткізілді. Сайыс 5 турдан тұрды. Әр сыныптан 4 ер бала қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Сайыс қорытындысы, әділ қазылардың шешім бойынша 9ә сыныбы женімпаз болып және 9 а сыныбы екінші орын иеленді.