Қараөткел ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебінде Ақмола облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жіберілген хаты негізінде, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің мәртебесін көтеріп, жастарға әскери – патриоттық тәрбие беру мақсатында және Чернобыль АЭС апатына 2021 жылдың 26 сәуірінде 35 жыл толуына бағытталған мақсатта 21.04 - 30.04.2021ж күндері аралығында іс – шаралар жоспары құрылып, жоспар негізінде жұмыстар атқарылды. 21.04 - 23.04.2021ж 8,9,10 сынып оқушылары «Чернобыль: экология, адам, денсаулық» тақырыбында бейнероликтер әзірледі.
21.04 - 23.04.2021ж 1 – 4 сынып оқушылары арасында Чернобыль АЭС- індегі ядролық апатқа арналған суреттер байқауы ұйымдастырылды
26.04 - 29.04.2021ж күндері 5,6,7 сыныптарда «Чернобыль апаты – ғасыр жаңғырығы» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
21.04 - 29.04.2021ж күндері аралығында мектеп кітапханасында «XX ғасырдың экологиялық апаты» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
21.04 - 29.04.2021ж күндері аралығында информатика пәні мұғалімі Төребекова .Ә.С ұйымдастырумен Чернобыль АЭС - ғы апаттың 35 жылдығына арналған, деректі материалдар «Чернобыль көлеңкесі» атты электронды көрмемен 1 -11 сынып аралығындағы сыныптар таныстырылды.