2021 жылдың 23 сәуір күні Қараөткел ауылының №1 орта мектебіне Целиноград АПБ, ЖПҚБ, ЮПТ, УПИ полиция капитаны Булегенов Асхат Бахитович арнайы келіп, 5- 11 сынып оқушыларына оқушылар арасындағы бұзақылық зиянды заттарға әуестену нақтырақ айтқанда шылым шегу, снюс, шарап ішу жастардың арасында кеңірек таралып бара жатқан зиянды заттарды пайдаланудың зияндылығы мен қауіптілігі және пайдаланып, ұсталған жағдайда қатаң түрде құқықтық жауапкершілікке тартылатындығы, соңы жақсылыққа апармайтыны туралы түсінік жұмысын жүргізді . Сондай ақ 23:00-ден кейін балалар көшеде жүрмеуі айтылды. Оқушылардың сұрақтарына байланысты тек қана заңды өкілінің еріп жүруімен жүре алатынын еске сала отырып, мектепке баруына мектепте , сабақ арасында санитарлық талаптарды және сабақтан кейін күн тәртібін сақтауы ескертілді.