Текст
Қараөткел ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінде 12.03 күні, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге байланысты «Тәуелсіздік тірегім, бақытым» тақырыбында мектепшілік патриоттық әндер байқауы өтті. Мақсаты: Жас ұрпақ бойынан еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Байқауға 1-8-сынып оқушылары арасында өтті. Барлығы 13 бала қатысты. Әділ-қазылар алқасы әділ баға беріп,қатысушылар жүлделі орындармен марапатталды. Байқау барлық санитарлық талаптарға сай өткізілді.