Елбасымыздын сындарлы саясаты, еліміздегі өзге ұлттар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында 2016 жылдан бастап 1 Наурыз «Алғыс айту күні» деп жарияланды. Осы мақсатта «Қараөткел ауылының №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ 1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай іс – шаралар жоспары құрылып, жоспар негізінде жұмыстар атқарылды.
01.03.2021 жылы күні «Шын жүректен алғыс айтамын» атты тақырыбында мектеп түлектерінің құттықтауы жолданды.
01.03.2021 жыл күні «Алғыста шек жоқ» тақырыбында 3 сыныптарда тәрбие сабақтары өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру;
үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту; әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
01.03.2021 жыл күні тәлімгер тәлімгер Аппасова Ж.Қ және мектеп кітапханашысы Иманкулова З.А ұйымдастыруымен «Шын жүректен мың алғыс!» тақырыбында мектебіміздің жас кітапхана оқырмандарының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Мақсаты:
- Тәрбиеленушілердің жанұяға, ата - анаға, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынастарын дамыту;
- Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір - бірімен үйлесімді қарым - қатынас жасай білуге үйрету;
- Елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт - дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу.
01.03.2021 жыл күні «Алғыс білдіру – ең асыл сөз!» тақырыбында алғыс білдіру тақтасы ұйымдастырылып, мектеп оқушылары өздерінің ұстаздарына ата – аналарына деген ізгі тілектерін білдірді.
01.03.2021 жыл күні тәлімгер тәлімгер Аппасова Ж.Қ жетекшілігімен және мектебіміздің «Жас ұлан» ұйымы мүшелерінің қатысуымен «Жүректен - жүрекке» тақырыбында флэшмоб өтті.