Қараөткел ауылының № 1 жалпы білім беретін мектебінің 1 "г" сынып оқушыларына "Экологиялық тәрбие" тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Экология — 200 жылдық тарихы бар жас ғылым. Экология терминін неміс биологы Эрнест Геккель (1968ж.). "Естественная история происхождения" атты кітабында алғаш рет қолданған. Экология - "ойкос" деген грек сөзі, "үй, баспана" ұғымын білдіреді. Э.Геккельдің айтуы бойынша экология - зоологияның бір тармағы, жанды мақұлықтардың органикалық және анорганикалық ортамен өзара қатынасын зерттейді. Экология ғылымы жеке пән түрінде биология ішінде пайда болды. Экологияны ғылыми негіздеген эволюция туралы ілімнің негізін салушы ағылшын ғалымы Чарльз Дарвин, оның анықтауы бойынша экология тірі ағзалардың ортадағы тіршілік әрекетін және өзара қатынасын зерттейтін биологиялық ғылым. "Экология" ғылымы теориялық және тәжірибелік маңызы бар барлық ғылымның кешенді негізінде тез дами бастаған салаға айналды. Экология дегеніміз - табиғатты пайдаланудық ғылыми-теориялық негізі.