Текст
16.02.2021 жылы күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге байланысты «Шаңғы жолы шақырады» атты 9 – 10 сынып оқушылары арасында шаңғы жарысы өткізілді.
Жарыстың мақсаты: Оқушылардың салауатты өмір салтын ұстана отырып, қысқы спорттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру.
Жарыс қорытындысы бойынша: 1 - орынды 9 «Ә» сынып оқушылары: Жетей Мақсат, Бақтыбек Абай; 2 - орынды 10 «А» сынып оқушылары: Мұратхан Ұлтұмар, Айтбай Айғаным, 8 «А» сынып оқушысы Аубакиров Ералы, 3 – орынды 9 «А» сынып оқушысы: Торғай Мадина иеленді.