2021 жылдың 5ақпаны күні «Ақмола облысы білім басқармасының целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Қараөткел ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Жасөспірімнің өмір ағымында кездесетін қолайсыз жағдайлардың алдын алу және болдырмау, жасөспірімнің қиын өмір жағдайларындағы құқығын қорғау және сақтау, жан-жақты қалыптасып дамыған, қоғамдық белсенділігі артқан, әлеуметтік-толық қамтылған адамгершілігі мол тұлғаның қалыптастыру мақсатында “Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу” тақырыбында Целиноград АПБ, ЖПҚБ, ЮПТ, УПИ полиция капитаны Булегенов Асхат Бахитовичпен 9,11 сынып оқушылары арасында кездесу өтті. Кездесу барысында қылмыс түрлерінің жауапкершілігімен таныстырды. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс жасау нақтырақ айтқанда : ұрлық, бопсалау, бұзақылық, қоғамдық тәртіпті бұзу қоғамның күн тәртібінен түспейтін түйткілді мәселе екендігі туралы түсінік жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, кәмелет жасқа толмағандарға қай жастан қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі атқаратыны және қарама-қарсы әрекеттер жасауға жазалаудың қандай түрлері қолданылатыны түсіндірілді. Қазіргі уақытта облыс аумағы карантиндік режимде болғандықтан 21:00-ден кейін балалар көшеде жүрмеуі айтылды. Оқушылардың сұрақтарына байланысты тек қана заңды өкілінің еріп жүруімен жүре алатынын еске сала отырып, мектепке баруына мектепте , сабақ арасында санитарлық талаптарды және сабақтан кейін күн тәртібін сақтауға баса назар аударды. Оқушылардың құқықтық білімдері және заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру мақсатында, жасөспірімдерді қылмыстық әрекететтерден бойларын аулақ ұстауға шақырды. Кездесу барысында оқушыларға пайдалы кеңестар айтылып, түрлі видеолар көрсетіліп, сұрақтар талқыланды.