Қамқоршылық кеңес құрамына мүше қабылдау басталды‼️
Құрметті ата-аналар, түлектер және мектептің серіктестері!
Қараөткел ауылы №1 жалпы білім беретін мектебі білім беру ұйымының дамуына үлес қосуға ниетті азаматтарды Қамқоршылық кеңестің мүшелігіне шақырады.
Қамқоршылық кеңестің негізгі мақсаттары:
• Мектептің оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыруға жәрдемдесу;
• Аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға қолдау көрсету;
• Мектеп пен қоғам арасындағы серіктестікті нығайту;
• Мектептің материалдық-техникалық базасын жетілдіруге атсалысу.
Кеңес мүшелігіне үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:
• 18 жасқа толған, әрекетке қабілетті ҚР азаматы;
• Сотталмаған және қызметтік шектеуі жоқ;
• Қоғамда беделі бар, балалардың дамуына бейжай қарамайтын тұлға;
• Қоғамдық негізде, ерікті түрде жұмыс істеуге дайын адам.
Қажетті құжаттар тізімі:
1. Өтініш (еркін формада немесе мектеп ұсынған үлгіде);
2. Жеке куәлік көшірмесі;
3. Байланыс мәліметтері (телефон, e-mail).
Өтініш қабылдау мерзімі:
«4» қараша 2025 ж. – «21» қараша 2025 ж. аралығында.
Өтінішті тапсыру орны:
Қараөткел ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебі.
Байланыс телефоны: +7 7165 141619
Электронды түрде: karaotkel2011@mail.ru
Мектептің дамуына үлес қосқысы келетін әрбір азаматты Қамқоршылық кеңестің белсенді мүшесі болуға шақырамыз!