1-сыныпқа қабылдау
«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қараөткел ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
2025 жылдың 1 сәуірінен бастап 31 тамызға дейін 2025-2026 оқу жылына 1 сыныпқа қабылдау басталады.
Даярлық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымына қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, алты жастан бастап балалар және ағымдағы күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балалар қабылданады
Қажетті құжаттар тізімі:
* Өтініш;
* Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
* 052-2/е «Баланың денсаулық паспорты» медициналық анықтамасы;
065/е «Профилактикалық егу картасы» медициналық анықтамасы;
(ҚР ДСМ сервисінен электронды түрде тартылады (1 сәуірге дейін медициналық тексеруден өту қажет)
* Баланың 2 данада 3х4 өлшеміндегі фотосуреті
www.egov.kz порталы бойынша 1 – сыныпқа өтініш бере аласыз.
Мекен – жайы: Қараөткел ауылы Қожа Ахмет Яссауи көшесі, құрылыс 9 Б